Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдығын атап өту мақсатында гимназиямызда «Оралхан және біз» квест ойыны өтті. Ойынға 5-9 сынып оқушыларынан құралған 3 топ («Алға» тобы, «Оралхан» тобы, «Асыл тас» тобы) қатысты. Әділ төрешілік етуге Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы - Джанбурбаева Лаура Даулыбаевна мен «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ Мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітапханашысы - Урганчбаева Жаңагүл Фарагатовна қатысты.

Квест ойынының қорытындысы бойынша «Алға» тобы І орынды, «Асыл тас» тобы ІІ орынды, «Оралхан» тобы ІІІ орынды иемденді.
Сонымен қатар өз білімдерімен көзге түскен оқушылар да марапатталды:
- «Қазақ тілінің білгірі» номинациясымен 7 –сынып оқушысы Борисова Ксения;
- «Ең білімді» номинациясымен Князькова Софья;
- «Ең белсенді топ басшы» номинациясымен Кабашева Диляра;
- «Білімге құштар» номинациясы Азбергенова Даяна.
Ардақты Оралхан ағамызды ұлықтау кешіне атсалысқандарға алғыс хат табысталды.