Бүгін мектеп жанындағы алаңға келген оқушылар «Citrus» ойын-сауық орталығында болып, көңілді әрі қызықты уақыт өткізді.

Балаларға арналған ойын алаңқайлары, интерактивті аттракциондар мен жарқын шоу-бағдарламалар барлық балалардың көңілінен шығып, ерекше қуаныш сыйлады. Оқушылар белсенді ойындарға қатысып, бір-бірімен танысып, достық қарым-қатынасты нығайтты. Бұл саяхат балаларға тек жақсы көңіл-күй ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеу және өзара көмек көрсету дағдыларын үйретті.