23 маусым мектеп жанындағы лагерьде ерекше күн – Полиция күні өткізілді. Оқушылар құқық тәртіп сақшыларының қызметімен танысып, қауіпсіздік ережелері, заң мен тәртіп, ізгілік пен көмек туралы маңызды дәрістер тыңдады.

Балалар полицейлердің жұмысының қыр-сырын біліп, олардың қоғамдағы рөлін түсінді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Бұл күн балаларға жаңа білім сыйлап, қауіпсіздік пен өзара көмектің маңыздылығын тереңірек ұғындырды.