Бүгін мектеп жанындағы лагерь оқушыларына аквагрим шеберлері керемет суреттер салып берді. Балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлеріне, жануарларға және ертегі қаһармандарына айналып, ерекше қуанышқа бөленді.

Әрбір оқушы өзіне ұнаған бейнені таңдап, шеберлер олардың беттеріне жарқын әрі әдемі суреттер салды. Балалар бір-біріне жаңа келбеттерін мақтанышпен көрсетіп, көңілді суретке түсті. Бұл күн барлығына ерекше әсер сыйлап, аквагримнің көмегімен балалардың қиял әлеміне қызықты саяхат жасады.