Бүгін мектеп жанындағы алаңға келген оқушылар «ЕGO» кеңселік орталығында болып, гипстен жасалған мүсіндерді әшекейлеу және бояу шеберлік сабағына қатысты.

Балалар өз қолдарымен ерекше бұйымдар жасап, оларды жарқын түстермен безендіріп, шығармашылық қабілеттерін танытты. Әрбір қатысушы өзінің бірегей туындысын жасап, шеберлік сабағы барысында көптеген жаңа дағдылар мен қызықты тәсілдерді үйренді. Кездесу ерекше рухта өтіп, балаларға шабыт, қуаныш пен өз қолдарымен жасаған сұлулықтың құндылығын сезіндірді.