Кеше мектеп жанындағы лагерь оқушылары алдымен кітапханаға барып, қызықты әдеби кездесуге қатысты. Балалар кітаптар әлеміне саяхат жасап, жаңа туындылармен танысып, оқуға деген құштарлықтарын арттырды.

Содан соң лагерьдің жабылу салтанаты өтті. Жиында балалар лагерь өміріндегі жарқын сәттерді еске алып, бір-біріне алғыстарын білдірді. Лагерьдің соңғы күні достық пен қуанышқа толы болды және балалардың жадында ұзақ сақталатын әсерлі естеліктер қалдырды.